Алматыда коронавирустан 80 бала емделіп жатыр

Алматыда коронавирустан 80 бала емделіп жатыр
Сурет: Оrtcom.kz

Қалада коронавирус жұқтырып, ем қабылдап жатқан науқастың жалпы саны 1 131-ге жетіпті.

Осы мәліметті таратқан  қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына сүйене отырып, бір тәулікте қалада 299 адам коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Басқарманың ақпараты бойынша,  бір тәулікте коронавирус жұқтырған 299 адамның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 259, симптомсыз – 40 науқас тіркелген. Барлық емделіп шыққандар – 44, келіп түскені – 119. Инфекциялық стационарларда 1 131 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –3 700), оның ішінде 80 бала емделуде.

 «Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 102 адам жатыр. Ал 19 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 34 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 22 аппарат жұмыс істейді. Медициналық-санитарлық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 2306 пациент бар. Оның ішінде вирус белгілері бар, орташа ауыр жағдайда 2015 науқас, 291 адамда коронавирус белгілері жоқ», -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметі.