Алматыда коронавирустан 24 бала емделіп жатыр

Алматыда коронавирустан 24 бала емделіп жатыр www.inform.kz

Алматыда коронавирус жұқтырған 637 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



21 қараша күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 127 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 116, симптомсыз – 11 науқас тіркелді. Барлық емделіп шыққандар – 14, келіп түскені – 38. «Инфекциялық стационарларда 637 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –1774), оның ішінде 24 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.



Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 68 адам жатыр. Ал 24 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 36 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 9 аппарат жұмыс істейді.


Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 1077 пациент бар.


Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 1019 науқас. 58 адамда коронавирус белгілері жоқ.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04