Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны азайды

Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны азайды
almaty-akshamy.kz

Алматыда коронавирус жұқтырған 1251 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

18 қазан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 250 адам коронавирус жұқтырған.

Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 244, симптомсыз – 6 науқас тіркелді. Барлық емделіп шыққандар – 235, келіп түскені – 123 «Инфекциялық стационарларда 1 251 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –5230), оның ішінде 28 бала емделуде», – деп хабарлады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 124 адам жатыр. Ал 22 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 68 адам ем қабылдауды жалғастыруда.

High flow-да 23 аппарат жұмыс істейді. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 2 780 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 2672 науқас. 108 адамда коронавирус белгілері жоқ.