Алматыда коронавирус жұқтырған 130 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

Алматыда коронавирус жұқтырған 130 науқас жансақтау бөлімінде жатыр
www.inform.kz

Алматыда коронавирус жұқтырған 1 201 науқас ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz қалалық қоғамдық денсаулық басқармасына сілтеме жасап.

21 қазан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 292 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 273, симптомсыз – 19 науқас тіркелді. Барлық емделіп шыққандар – 123, келіп түскені – 136.

«Инфекциялық стационарларда 1 201 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –2 334), оның ішінде 34 бала емделуде», – деп хабарлады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 130 адам жатыр. Ал 26 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 77 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 19 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 2 691 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 2 591 науқас. 100 адамда коронавирус белгілері жоқ.