Алматыда коронавирус жұқтырып ауруханада жатқан 35 жүкті әйелдің біреуінің жағдайы аса ауыр

Алматыда коронавирус жұқтырып ауруханада жатқан 35 жүкті әйелдің біреуінің жағдайы аса ауыр
Сурет: Sjdhospitalbarcelona.org

Коронавирус қаупі сейілер емес

Алматыда коронавирус жұқтырған 35 жүкті әйелдің ауруханада емделіп жатқанын онлайн брифинг барысында қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Біздің ауруханаларда коронавирус жұқтырған 35 жүкті әйел ем қабылдап жатыр, оның біреуінің жағдайы өте ауыр, екеуінің жағдайы ауыр және екі науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. 283 әйел үйде дәрігелердің бақылаумен ем алып жатыр»,- деді спикер.

Жалпы, инфекциялық стационарларда 1 788 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –5230), оның ішінде 53-і - бала.

«Медициналық-санитарлық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 4 448 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 4 190 науқас. 159 адамда коронавирус белгілері жоқ», - деді Лаура Мырзағали.