Алматыда коронавирус дерті 2 еседен көп өсті: эпидемиологтар вакцина салдыруды ұсынады

Алматыда коронавирус дерті 2 еседен көп өсті: эпидемиологтар вакцина салдыруды ұсынады
Сурет: V-variant.com.ua

Маусым айында 4 573 жағдай тіркелген.

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында сөйлеген сөзінде соңғы екі аптада мегаполисте КВИ дерті 1143-тен 2377 жағдайға дейін өскенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz/

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы қала тұрғындарынан жағдайды ушықтырмау үшін белгіленген шектеулерді сақтауды сұрады.

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, соңғы тәулікте Алматыда КВИ-дің 305 жағдайы тіркелген.

«Алматыда 17 маусымнан бастап эпидемиологиялық жағдай барынша контагиозды мутацияланған жаңа «дельта» штамының таралуына байланысты күрделене түсті. Өткен аптада ПТР нәтижелері алдыңғы 7 күндегі 130-ға қарағанда тәулігіне 215-ке дейін өсті», – деді қаланың бас санитарлық дәрігері.

Ол биылғы жылы мегаполисте қазірдің өзінде 56 мыңнан астам вирус жұқтырғандардың, оның ішінде маусым айында 4 573 жағдайдың тіркелген айтты. 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында дерт өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10 есеге артқан.