Алматыда коронавирус жұқтырған 113 бала ауруханада жатыр

Алматыда коронавирус жұқтырған 113 бала ауруханада жатыр
Сурет: Inform.kz

Алматыда коронавирус жұқтырған 739 науқас ем қабылдап жатыр

Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


13 қаңтар күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 1115 адам коронавирус жұқтырған. Барлық емделіп шыққандар – 37, келіп түскені – 193.

«Инфекциялық стационарларда 739 адам бар (төсек-орын 1348 ). Оның ішінде 113 бала емделіп жатыр», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 39 адам жатыр. Ал 10 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 12 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 10 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитарлық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 2 765 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 2594 науқас. 171 адамда коронавирус белгілері жоқ.