Алматыда   корейлік білім беру-зерттеу орталығы ашылды

Алматыда   корейлік білім беру-зерттеу орталығы ашылды
almaty-akshamy.kz

Алматыда  оңалту  медицинасының алғашқы  қазақстандық – корейлік білім беру-зерттеу орталығы ашылды

Орталық ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының, әл - Фараби атындағы ҚазҰУ, Кенбук ұлттық университетінің (KNUH) ауруханасының және Кореяның денсаулық сақтау индустриясын дамыту агенттігінің (KHIDI) қолдауымен №1 Қалалық клиникалық ауруханасы  базасында ашылды.

Орталық базасында оңтүстік кореялық мамандармен қазақстандық реабилитологтар, кинезотерапевтер және кәсіби терапевтер үшін онлайн-оқытудың тұрақты бағдарламаларын өткізу жоспарлануда. Айта кету керек, "кәсіптік терапевт" және "кинезотерапевт" мамандықтары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік базасына ресми түрде 2021 жылы ғана кірді. Осыған байланысты осы бағыттағы мамандарды даярлау қажеттілігі туралы мәселе өзекті болып табылады.

Орталықтың салтанатты ашылуына ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының, ҚазҰУ өкілдері және Әл-Фараби және Оңтүстік Кореяның бейінді министрлігі, Қазақстанның түкпір-түкпірінен оңалту саласындағы мамандар қатысты.
№1 Қалалық клиникалық ауруханасының  сенімді басқарушы компаниясы «Smart Health University City» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары К. Д. Ержанов:

- Осы орталықты ашуға көп күш жұмсаған корейлік достарымызға үлкен рахмет. Мұның бәрі өтеусіз негізде болады. Біздің барлық тыңдаушыларымызға зор табыс  тілеймін және сіздер алатын білім  өз қызметкерлеріңізге, әріптестеріңізге халықты тиімді емдеу үшін  жүзеге асады деп сенім білдіреміз, - деп атап өтті  құттықтау сөзінде.

Алматы қаласы  ҚДБ  штаттан тыс  бас реабилитологы , №1 Қалалық клиникалық ауруханасының   оңалту бөлімшесінің меңгерушісі Амина Сейданованың айтуынша, орталық кореялық мамандар даярлау жүйесі мысалында халықаралық стандарт бойынша бірлескен білім беру бағдарламасын әзірлеумен айналысатын болады.

"Оңтүстік Кореяның оңалту саласындағы жетекші мамандарына пациенттер мен мүгедектерге арналған телемедицина шеңберінде тұрақты қашықтықтан консультациялар өткізілетін болады. Оңалту саласындағы мамандар үшін жүйелі оқыту шеберлік сыныптарын өткізу, бірлескен зерттеу жобаларын жүргізу жоспарлануда", - деді Сейданова.

Корея Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық бюросының Бас директоры Юн Чан-сик мырза өз кезегінде 2022 жыл Корея мен Қазақстан үшін маңызды жыл екенін, биыл екі ел арасында дипломатиялық байланыстардың орнағанына 30 жыл толатынын атап өтті.

Оның айтуынша, Кореяның денсаулық сақтау және әл-ауқат министрлігі жаһандық денсаулық сақтауды бірлесіп өсіру мен дамытуды мақсат етіп отырған Шет елдегі ауруханаларды қолдау жобасын алға жылжытуда.

Бұл білім беру-зерттеу орталығы- осы жобаның нәтижесі болып табылады және білім беруге, зерттеуге, емдеуге, адами ресурстардың өсуіне ұмтылатын болады, екі елдің ауруханалары арасындағы желіні белсендіруге және денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастыққа көпір болады. Сондай - ақ, оңалту медицинасы орталығының ашылуы аясында  №1 Қалалық клиникалық ауруханасының базасында Оңтүстік Кореяның оңалту медицинасы саласындағы жетекші мамандардың қатысуымен алғашқы практикалық мастер-класс өткізілді.

Оңтүстік кореялық әріптестер жергілікті реабилитологтар мен Емдік дене шынықтыру  нұсқаушыларына балалар мен ересектерді оңалту саласында кинезотерапия мен кәсіптік терапияның тиімді әдістеріне оқыту жүргізді.