Алматыда көпбалалы аналарға ақшалай сертификат табысталды

Алматыда көпбалалы аналарға ақшалай сертификат табысталды
Сурет: Almaty.tv

60 отбасына мектепке қажетті құралдармен қамтыды

Алматыда «Бақытты отбасы» жобасының аясында «Балаларды мектепке дайындаймыз» акциясы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Кардиологиялық орталықтың ұжымы мен қалалық мәслихат депутаттары 60 отбасына мектепке қажетті құралдармен қамтыды. Көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасына 30 мың теңгелік сертификаттар табысталды.

«Мұндай іс-шара бізде жылда аталып өтіледі, колективіміз үлкен. Биылғы жылы сол мектепке баратын 60 баланың қуанышын бөлісіп, ақ жол тілеп отырмыз», – деді қалалық мәслихат депутаты Алмат Қодасбаев.