Алматыда «Көп мәдениетті әлемдегі балалар мен кітаптар» атты конгресс өтеді

Алматыда «Көп мәдениетті әлемдегі балалар мен кітаптар» атты конгресс өтеді
Сурет: Pavlodarnews.kz

 «Көп мәдениетті әлемдегі балалар мен кітаптар» атты ІІІ Халықаралық конгресс 26-27 қыркүйекте Достық үйінде өтеді. Қатысушылар балалар арасында кітап оқуды насихаттау мәселелерін талқылайды, заманауи балалар әдебиетін орыс тілінен қазақ тіліне және керісінше аудару бойынша бірлескен жобаларды іске қосу туралы келіседі.

Ұйымдастырушылар Қазақстандағы балалар әдебиетін ілгерілету бойынша педагогтарды, кітапханашыларды, баспагерлер мен аудармашыларды біріктіруді, балалардың кітап оқуы мен  ұлттық әдеби мұраны сақтау мәселелерін талқылауды мақсат етеді.

Спикерлер: ғылым докторлары мен кандидаттары, балалар жазушылары, профессорлар мен филология мамандығының студенттері түрлі тақырыптарда баяндамалар жасайды. Олардың ішінде «Оқушыларды көркем әдебиетті оқуға ынталандыру жолдары», «Отбасылық оқуға кітап іздеу», «Балаларға арналған М.Мақатаевтың поэзиясы» және т. б. бар.

Конгресс бағдарламасында Әзірбайжан, Израиль, Италия, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Жапониядан келген 150-ден астам қатысушы екі күн бойы онлайн және офлайн режимінде келесі бағыттар бойынша жұмыс істейді:

  • Балалар әдебиеті: болашақтың сын-қатерлері;
  • Балалық шақ мәдениеті және қазіргі қоғамның өмір салты;
  • Балалар кітаптарындағы ел мен халық тарихының көрінісі;
  • Кішкентайларға арналған балалар әдебиеті: жаңа тәсілдер мен форматтар;
  • Аударма айнасындағы балалар әдебиеті.

Іс-шараға Алматы қаласы білім басқармасының, республикалық кітап палатасының өкілдері, балалар кітаптарын шығарушылар, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер мен қауымдастықтардың өкілдері қатысады.

         Күні мен орны:26-27 қыркүйек 10:00-17: 00 сағ.

Әуезов көшесі, 175, И. Крылов атындағы қалалық балалар кітапханасы.  конференц-залдар (2 және 3 қабаттар).

Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА кітапханасы. Кіші кітапхана (Алматы, Панфилов көшесі, 127, 1 қабат)

Ашылуы: 26 қыркүйек сағат 9: 00-де Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық Достық үйі (Алматы қ., Құрманғазы к-сі, 40 /Төлебаев көшесінің қиылысы).

Ақпарат үшін байланыс:

Аманжолова Жемма, форумды ұйымдастырушы +77759494940 

Фариза Әбдірайымова + 77779454036 пошта: altair.chba@gmail.com

Конгресті ұйымдастырушылар:

  • Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық кеңесі (Астана қ., Қазақстан)
  • Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы (Алматы қ., Қазақстан)
  • "Altair" балалар кітаптары академиясы (Алматы қ., Қазақстан)
  • "Мир через духовность" қоғамдық бірлестігі (Астана қ., Қазақстан)