Алматыда коммуналдық тұрғын үй кооперативі қызметін тоқтатады

Алматыда коммуналдық тұрғын үй кооперативі қызметін тоқтатады Сурет: Ашық дереккөз

Алматыда 8879 көп пәтерлі тұрғын үй бар


2023 жылдың 1 шілдесінен бастап ПИК пен ПИТК заң бойынша өз қызметін тоқтатуы тиіс, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Оның орнына меншік иелері басқарудың жаңа нысанын таңдауы керек. Мұндай нысандар болуы мүмкін:
1) мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ);
2) көппәтерлі тұрғын үйдің жай серіктестігі (ЖС).
Жаңа нысанның бұрынғы пәтер иелерінің кооперативі (ПИК) немесе пәтер иелерінің тұтыну кооперативтерінен (ПИКТ) басты айырмашылығы бір үй-бір бірлестік-бір шот схемасында.



«Әрбір үйді басқарудың жеке тәсілін көздейтін, сондай-ақ тұрғындарға ақша түсімдері мен олардың жұмсалуын бақылау мүмкіндігімен тек өз үйін күтіп-ұстауға қаражат жинауға мүмкіндік беретін қағида. Шын мәнінде, әр үйде төраға және тексеру комиссиясы сайланады. Түбегейлі айырмашылық – МИБ төрағасы дәл осы үйдің тұрғыны болуы керек. ПИК пен ПИТК-де бұл процесс бір төрағаның басқаруындағы үйлердің көптігіне байланысты мүмкін болмады. ПИК және ПИТК өкілдерімен көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғындары мен меншік иелерінің дауы бойынша жинақталған оқиғаларды талдау басқару нысанын өзгертудің шұғыл қажеттілігін көрсетті», - делінген қалалық әкімдік таратқан хабарламада.



Алматы әкімдігінің өкілдері атап өткендей, МИБ пен ЖС арасындағы негізгі айырмашылық МИБ – заңды тұлға, ЖС - заңды тұлға құрмайтын серіктестік. Басқа тұстары принципиалды емес және бастамашыл тобымен КПТҮ пәтерлері мен тұрғын емес үй-жайлар иелерінің жиналысында түсіндіріледі.


Қазіргі уақытта Алматыда 8879 көп пәтерлі тұрғын үй бар, оның 7129-ы басқарудың жаңа нысандарына өтуге жатады.



«МИБ құру алгоритмі қарапайым және үш негізгі қадамнан тұрады: біріншісі-кворумы кемінде 50% болатын тұрғындардың жиналысын ұйымдастыру; екіншісі - төрағаны, үй кеңесін және тексеру комиссиясын сайлау (жиналыс хаттамасын жүргізу және қол қою қажет); үшіншісі - құжаттарды ХҚКО-ға тапсыру. МИБ-ті мемлекеттік тіркеу 5 жұмыс күні ішінде жүргізіледі», - деп хабарлады әкімдіктен.



Бұған дейін қала әкімі Ерболат Досаев мегаполистегі үйлердің 90%-дан астамы тұрғын үйді басқарудың жаңа нысандарын құрғанын айтты.


Еске салайық, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте Мүлік иелері бірлестігі реформасында қатты қателікке ұрынған сияқтымыз деген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:24

15:50

15:40

15:38

15:18

14:48

14:39

14:15

14:11

14:08

14:03

13:46

13:33

13:25

13:13

12:47

12:40

12:31

12:19

12:10

11:47

11:30

10:57

10:06

09:34