Алматыда «Қолжетімді спорт» жобасы іске қосылды

Алматыда «Қолжетімді спорт» жобасы іске қосылды
Cурет: Ашық дереккөз

18 жастан бастап спорт түрлерімен, ал каратэ мен жүгіруді 7 жастан бастап айналысуға болады

Енді қала тұрғындары спортпен тегін айналыса алады. «Қолжетімді спорт» жобасы былтыр Нұр-сұлтанда сынақтан өткен еді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Биылдан бастап жобаға 7 қаланың, атап айтқанда Алматы, Нұр-сұлтан, Шымкент, Ақтау, Семей, Петропавл және Талдықорған тұрғындары қосылады.
Спорттың мына түрлері қолжетімді:
• Скандинавиялық жүріс;
• Жүгіру;
• Каратэ;
• Үстел теннисі;
• Фитнес.
Қалаларда спорттың әр түрі бойынша 2-ден 6-ға дейін орын іріктелді. Сабақтың ұзақтығы-1,5 сағат.
18 жастан бастап спорт түрлерімен, ал каратэ мен жүгіруді 7 жастан бастап айналысуға болады.
Мамыр айынан бастап Алматы, Ақтау, Шымкент, Талдықорғанда фитнес пен каратэ таза ауада, саябақтарда өтеді.
Сабақ кестелері, анонстар Instagram-да жарияланады: @dostupnyi_sportkz.
Секцияға 9.00-ден 21.00-ге дейін мына телефон арқылы жазылуға болады: +7 707 618 43 43.