Алматыда қолөнер жәрмеңкесі ашылды

Алматыда қолөнер жәрмеңкесі ашылды сурет: Аlmaty-akshamy.kz

Биылғы жылдың алғашқы қолөнер жәрмеңкесі ашық аспан астында өтеді.


Алматыда демалыс күндері (25, 26 ақпанда) қолөнер жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz


Жібек жолы даңғылының жаяу жүргіншілерге арналған бөлігі кілемдер, сырланған ыдыс-аяқтар, этникалық стильдегі түрлі әшекейлер, киіз бен жібек киімдер, былғарыдан жасалған бұйымдар мен қолөнердің барлық түріне толы болады. Қолөнер шеберлері өз тауарларын еліміздің әр өңірінен, тіпті көршілес елдерден әкелген.


Алматылықтар мен қала қонақтары отандық және шетелдік шеберлер, қолөнершілер мен суретшілердің қолынан шыққан эксклюзивті бұйымдарды тамашалап, сатып ала алады. 



«Бұл - қолөнер жәрмеңкесінің 26-шы маусымы. Мұнда сіз дайын бұйымдарды сатып алып, жеке тапсырыстар жасай аласыз, шеберлермен әр бұйымның жасалу тарихы туралы сөйлесе аласыз, оның қандай материалдан жасалғанын біліп, оған күтім жасау ережелерін біле аласыз.  Жәрмеңкеге қазақстандық шеберлер, қолөнершілер мен суретшілер, сондай-ақ Қырғызстан, Өзбекстан және Ресейден келген шеберлер қатысады», – деді Алматы қалалық Қолөнер палатасының жетекшісі Римма Нұртаева.


 


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20