Алматыда көліктерге су қосылған бензин құйған

Алматыда көліктерге су қосылған бензин құйған
Сурет: Ашық дереккөз

Бензин сақтайтын резервуарға су аққан

Алматыдағы жанармай құю станциясының бірінде көліктерге су аралас бензин құйылғаны туралы оқиға тергеліп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Аталған мәселе бойынша Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы жауап берді.

Ведомство мәліметінше, кешегі жаңбырдан соң «Газпромнефть» автожанармай құю станциясының бензин сақтайтын резервуарына су аққан. Бұдан кейін шамамен 10 автокөлікке су қосылған бензин құйылған.

«Қазіргі уақытта су қосылған бензин құйылған 7 автокөлік иесі мен видео авторының залалы өтелді. Сонымен қатар жанармай құю станциясын пайдалану бөлімі аталған оқиғаға тексеріс жүргізуде», - деді қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы.