Алматыда көліктен ақша ұрланды

Алматыда көліктен ақша ұрланды Сурет: Polisia.kz

Алматыда көліктен ұрлық жасағаны үшін бұрын сотталған екі азамат ұсталды.


Медеу ауданының тұрғыны ұрлық дерегі бойынша арызданған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz- ке сілтеме жасап.


Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреулер оның FAW автокөлігінің салонына заңсыз кіріп, 700 мың теңге көлеміндегі ақшаны ұрлап кеткен.  Күдіктілердің бірі көлік иесінің назарын аударып тұрса, екіншісі қылмыс жасаған.


Жедел-іздестіру шаралары барысында қаскөйлердің ізіне түсіп, оларды ұстадық. Олар 47 жастағы С.есімді азамат пен 41 жастағы Б.есімді азамат болып шықты. Екеуі де Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары. Олардың бұған дейін сотты болғандығы белгілі болды. Қазіргі уақытта күдіктілер ұрлық жасағанын мойындап отыр. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөліне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің бұрын жасалған осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр, – деді Медеу аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің басшысы Әбдінұр Тасыбаев.


ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38

14:28

14:01

13:17