Алматыда көлік саймандарын ұрлаған күдікті ұсталды

Алматыда көлік саймандарын ұрлаған күдікті ұсталды
Сурет: Газета.ру

Ол 36 жастағы К. есімді азамат болып шықты.

Алматыда көліктерді тонаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыда полиция қызметкерлері көлік ішінен бірнеше ұрлық жасады деген күдікпен ер адамды ұстады.

«Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде біздің бөлімше қызметкерлері күдіктінің ізіне түсіп, оны құрықтады. Ол 36 жастағы К.есімді азамат болып шықты. Көлікті ашқаннан кейін ер адам сатуға болатындардың барлығын: тескіштерді, бұрғыларды, дөңгелектерді, құрал-саймандарды алып кеткен. Тергеу барысында ұсталған азаматтың осыған ұқсас кемінде үш ұрлыққа қатысы бар екендігі анықталды. Қазіргі уақытта күдікті өз кінәсін мойындады. Күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталуда», – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.

Спикердің айтуынша, аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.