Алматыда көлігінен жартылай жалаңаш қыз түскен жүргізуші жазаланды

Алматыда көлігінен жартылай жалаңаш қыз түскен жүргізуші жазаланды, деп хабарлайды  Polisia.kz.

Бұл – 25 жастағы А. есімді азамат. Оның көлігінен жартылай жалаңаш қыз шықты. Еске салайық, әлеуметтік желілерде заң бұзушылықтары бар видео екі күн бұрын пайда болған.

– Бұл дерек мониторинг барысында анықталды. Жүргізушіні анықтап, жауапкершілікке тарту шаралары қолға алынды. Нәтижесінде, біздің бөлімшенің қызметкері құқық бұзушыға қатысты 230-баптың 2-бөлігі (сақтандырудың болмауы), 590-баптың 9-бөлігі (техникалық байқаудың болмауы), 593-баптың 1-бөлігі (жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзу), 599-баптың 1-бөлігі (бағдаршамның тыйым салынған белгісіне қозғалу) бойынша төрт әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, жүргізушімен құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, көліктен түскен қызға қатысты да әкімшілік шара қолданылғанын хабарлаймын. Оған ҚР ӘҚбК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша айып тағылды, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.