Алматыда көктайғақтың алдын алу шаралары жүріп жатыр

Алматыда көктайғақтың алдын алу шаралары жүріп жатыр Almaty-akshamy.kz

2023 жылғы 08 желтоқсан сағат 22:00-дегі жағдай бойынша Алматы қаласындағы қар тазалау қызметінің жұмысы туралы ақпарат


Алматы қаласындағы 8 желтоқсанда сағат 20:00-ден бастап жауған қар 9 желтоқсан күні түске таман тоқтайды.


Қауіпті аумақтарда, төмен түсетін, жоғары шығатын және жолайырықтарға бұрылатын жерлерге көктайғақтың алдын алу үшін сұйық реагенттер қолданылды



Сонымен қатар, қар жауған кезден бастап 112 қызметінің күшімен құм таратқыштар арқылы жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себіледі.


Тротуарларды, жалпы пайдалану орындарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, жер үсті өткелдерін тазалау жұмыстары ұйымдастырылды.


Түнгі уақытта 365 бірлік арнайы техника мен 346 жұмысшы жұмылдырылды.


Қар тазалау жұмысы үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды




«Қазгидромет» РМК болжауынша түнде қар ұшқындайды, ал 9 желтоқсан күні таңнан бастап сағат 15:00-ге дейін биіктігі 8 мм қар жауады. Желдің екпіні 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -7 градусқа дейін суытады, 9 желтоқсанда күндіз термометр бағаны минус 4 градусты көрсетеді.


Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:13

19:43

19:13

18:42

18:15

17:40

17:16

17:14

17:02

16:51

16:28

16:25

16:00

15:46

15:35

15:34

14:52

14:49

14:36

14:31

14:06

13:40

12:55

12:48

12:37