Алматыда қоғамдық көлікте ұрлық жасаған екі адам ұсталды

Алматыда қоғамдық көлікте ұрлық жасаған екі адам ұсталды Сурет: Polisia.kz

Ұрлық жасап, оңай ақша таппақ болғандар ұсталды. 


Олардың бірі – 30 жастағы А. есімді азамат №86 қоғамдық көлікте ұрлық жасағаны үшін ұсталды. Қаскөйдің олжасы Samsung телефоны болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 



 «Күдікті қоғамдық көліктің жолаушысына 300 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірді. Ұрының қарбалас уақытта автобустарға мініп, жолаушылардың қалтасын тексеріп, қоғамдық көліктің бір басынан екінші жағына дейін жүргенін арнайы топ қызметкерлері жедел түрде анықтады. Қазіргі уақытта Жетісу аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Алматының Наурызбай ауданында осыған ұқсас сценарий бойынша әрекет еткен тағы бір оңай ақшаны ұнататын азамат ұсталды. 40 жастағы К.есімді азамат №15 автобуста қарт әйелдің сөмкесінен ұялы телефонын ұрлап кеткен. Бұл сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Тергеудің қазіргі кезеңінде бұл күдіктінің осыған ұқсас үш қылмысқа қатысы бар екендігі анықталды», – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.



Екі күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26