Алматыда қоғамдық көлікте телефон ұрлаған орта жастағы адам ұсталды

Алматыда қоғамдық көлікте телефон ұрлаған орта жастағы адам ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Алматыда 62 жастағы ер адам қоғамдық көлікте ұрлық жасаған.

Қалта ұрлығына күдікті қамауға алынды. Полицейлердің айтуынша, қоғамдық көлікте ұрлық жасады деген күдікпен 62 жастағы И.есімді азамат ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«45-бағыттағы қоғамдық көліктің жолаушысы полицияға арызданған соң ер адам ұсталды. Әйел адам қалтасынан телефонын белгісіз біреудің ұрлап кеткенін түсіндірді. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталды. Бұл дерек бөтеннің мүлкін ұрлау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Күдікті бұған дейін де сотты болған. Қазір тергеушілер күдіктінің қалада бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр», – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.