Алматыда қоғамдық көлікпен жүру тез әрі қолжетімді болады

Алматыда қоғамдық көлікпен жүру тез әрі қолжетімді болады almaty-akshamy.kz

Көлік тақырыбына қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар



- Бұл бұрынғыдан да көп кептелістерге әкелмей ме?


- Қазірдің өзінде қалада кептелістер үнемі 9-10 баллға жетеді, егер жүйелік деңгейде өзгерістер басталмаса, онда бір-екі жылдан кейін жолдар көтеріліп, бұл қаланың экономикасы мен әлеуметтік саласына айтарлықтай зиян келтіреді. Біз шебер жоспарды әзірлеу кезінде пайдаланған әлемнің ірі қалаларының халықаралық тәжірибесі жалғыз әдіс магистральдық қоғамдық көлікті жүйелі түрде дамыту және ыңғайлы жолаушылар инфрақұрылымын құру екенін көрсетеді.


- Неліктен бұл шаралар бұрын қолданылмаған?


- Өткен жылдың мамыр айында ҚР Үкіметі қаланың Бас жоспарын бекітті, көлік қаңқасы қаланың кеңістіктік дамуымен тығыз байланысты және  оны негізге алады. Бұл ретте, биыл ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша біз қала көлігін дамыту – жылжымалы составты жаңарту және экологияландыру жөніндегі шараларды іске асыруды бастадық. Қала мердігерлері көлік инфрақұрылымын жобалау және салу жұмыстарын жүргізуде.


- Көлік қаңқасында ауысып отыру қарастырылған. Бұл жолақы екі есе қымбатқа түседі дегенді білдіре ме?


- Шынында да, бағыттық желіні ұйымдастырудың ең тиімді әдісі -  жолға  шыққанда  көлікке ауысып отыру. Жолаушылардың басым көпшілігі үшін бұл автобустардың жиі жүретінін білдіреді, тіпті бір рет ауысып отырған кезде жол жүру қысқа және болжамды болады. Бұл ретте біз келесі жылы ауысып отыру тарифі енгізілетінін және бір рет жол жүру аясында ауысып отырудың жолаушылар үшін тегін болатынын жоспарлаудамыз.


 - Әуежайға баратын ыңғайлы көлік бола ма?


- Иә, көлік қаңқасын енгізу аясында Әуежайға дейін ЖРК желісін тарту жоспарланған. Біз бұл мәселені Әуежай басшылығымен талқыладық және бұл мүмкіндігінше тез болуы үшін бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз.


 - Жеке көліктен бас тартуды ынталандыру қалай жоспарланған?


- КТТ құрамында ыңғайлы автотұрақтар қарастырылған, арнайы инфрақұрылым мен икемді тарифтер есебінен қоғамдық көлікпен жүру тезірек әрі қолжетімді болатындай жасаймыз. Маршруттық желінің артуы қазір мұндай баламасы жоқ адамдар үшін қоғамдық көлікті қолжетімді етуге мүмкіндік береді. Бірақ автокөлікті пайдалануды азайтуға ықпал ететін белгілі шектеу шаралары болады. Қазір қалада ақылы автотұрақтар іске қосыла бастады, бұл процесс жалғасады.


 - Көлік қаңқасының шебер жоспарын әзірлеу кезінде сарапшылар тартылды ма?


- Көлік қаңқасының шебер жоспары атүсті жасалмады, жоба қатысушылары бірлесіп бұрын әзірленген барлық құжатты зерделеп, талдап, Алматының даму бағдарламасының мақсаттарымен, жаңа Бас жоспармен және өзгерген әлеуметтік-экономикалық жағдайлармен байланыстыру бойынша үлкен жұмыс жүргізді.


- Шебер жоспар қолжетімді бола ма?


- Иә, құжат Алматы қалалық мобилділік басқармасының сайтында ашық орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-upt/press/news/details/690019?lang=ru.


- Егер менің немесе таныстарымның болашақта сұрағы немесе ұсынысы болса, оларды әзірлеушілерге қалай бере аламыз?


- Көлік қаңқасын енгізумен әкімдіктің жобалық кеңсесінің қолдауымен Қалалық мобилділік басқармасы айналысады. Біз өз күшімізбен бекітілген мақсат пен мерзімді сақтап, шебер жоспарды және оның жекелеген іс-шараларын жүйелі түрде жаңартып отыруды жоспарлап отырмыз. Келесі жылы жобаны іске асыруға қатысты кез келген сұрақ пен ұсыныс үшін арнайы кері байланыс арналарын ұйымдастырамыз. Сіз өзіңіздің хабарламаңызды электрондық пошта, чат-бот арқылы жібере аласыз немесе OpenAlmaty қызметін пайдалана аласыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26