Алматыда «Киімнің киелісі – кимешек» атты көрме өтуде

Алматыда «Киімнің киелісі – кимешек» атты көрме өтуде
Сурет: Zhezmuzey.kz

Кимекшектер мен зергерлік бұйымдар көрмесі келесі айдың 20-на дейін жалғасады

Еліміздің Мемлекеттік орталық музейі көрермен назарына мұражай қорындағы Қазақстанның әр өңірінен жинақталған әйелдер кимешектері мен зергерлік бұйымдарынан көрме ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

«Киімнің киелісі – кимешек» көрмесі қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің тамырын сақтап, болашақ ұрпақтың рухани, мәдени кеңістігін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған. Экспозиция қазан айының 20-ына дейін жалғасады. 

«Әр өңірге тән кимешектер бар. Қазір осы күннің өзінде зерттеп жатса, тағы шығуы мүмкін. Солтүстік пен оңтүстіктің кимешегінде аздап айырмашылық бар», – деді Мемлекеттік орталық музейдің антропология және этнология бөлімінің ғылыми қызметкері Бейбітқали Қақабаев.