Алматыда патрульдік полиция қызметкерлері марапатталды

Алматыда патрульдік полиция қызметкерлері марапатталды Сурет: Polisia.kz

Патрульдік полиция қызметкерлері Алматы полициясының біріктірілген күштерінің бірыңғай сап түзеуі барысында грамоталар мен алғыс хаттарға ие болды.


Патрульдік полиция полкінің жасақтары, мамандандырылған батальон, ЖҚАЖ қызметкерлері командирлердің нұсқауларын тыңдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 



«Тәртіп пен азаматтардың амандығы полицияның қалай жұмыс істейтініне байланысты. Полиция қызметкерлерінің азаматтармен тығыз байланыста болуы өте маңызды: учаскелік полиция қызметкерлері өз аймағындағы әрбір тұрғынды жақсы білуі керек және оларды ең көп мазалаған нәрсеге қызығушылық танытуы қажет. Материалдық-техникалық база мен киім қызметкерлерімізге оқиғалардан қалыс қалмай, қылмысқа қарсы тұруға мүмкіндік береді», – дейді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Олжас Мырзабеков.



Қылмыстың басым бөлігін полицейлер “ізін суытпай” ашады. Бірыңғай сап түзеу барысында патрульдік полиция полкінің және мамандандырылған батальонның 9 қызметкері қылмыспен күресте кәсіби шеберліктері үшін марапатталды.



«Бүгін мен, ең алдымен, қызметте ерекше көзге түскен қызметкерлерді көтермеледім. Олар жас тәртіп сақшыларына тәлімгер және өздерінің бай кәсіби тәжірибесімен бөліседі. Сонымен қатар жеке құрамның сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне қатысты ымырасыз ұстанымын еске салу өте маңызды болды. Біз олардан азаматтардың қауіпсіздігі мен игілігі үшін адал және риясыз еңбек етуді талап етеміз. Мемлекет мінсіз жұмыс істеуге барлық жағдайды жасап отыр», – деді Мырзабеков.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04