Алматыда қыздарды тұншықтырып тонауды әдетке айналдырған күдікті ұсталды

Алматыда қыздарды тұншықтырып тонауды әдетке айналдырған күдікті ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Еш жерде жұмыс істемейтін 20 жастағы А.есімді азамат қылмысын тек түнгі уақытта жасаған.

Алмалы аудандық полициясының хабарлауынша, жолда жалғыз келе жатқан қыздарға жақындап, артынан тұншықтырып, содан кейін барлық бағалы заттарын алып кетіп отырған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Жедел іздестіру іс-шаралары барысында 20 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны ұсталды. Қазіргі уақытта тонау бойынша үш деректі анықтадық. Бір эпизод бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Қыздар төтеп бере алмайтын жағдайға жеткен кезде, ол барлық құнды заттарды: ұялы телефондарды, ақшаны алып, қараңғы көшелерде тығылып қалды. Сондай-ақ, қаскөй жәбірленушіден тартып алған ақшамен дүкенде төлем жасап жатқан дерек те тіркелді. Жас жігіт өз ісін мойындады. Қазір күдіктінің жеке басы қала аумағында осыған ұқсас, бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.