Алматыда KitapFestKids кітап фестивалі өтеді

Алматыда KitapFestKids кітап фестивалі өтеді
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласы әкімдігінің мәдениет басқармасының және «BAURZHAN foundation» қоры қолдауымен  2022 жылғы 5 қараша Алматы қаласы «Форум» СОО-да Қазақстандағы балалар жылына арналған KitapFest кітап фестивалі өтеді, - деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

KitapFest кітап фестивалі – Алматы қаласының өміріндегі мәдени-бұқаралық шара. 2014 жылдан бері өткізіліп келе жатқан KitapFest республикалық деңгейдегі алғашқы кітап фестивалі болып табылады. 8 жыл ішінде KitapFest танымал қазақстандық авторлар мен баспалардың қатысуымен 150-ден астам кітаптың тұсаукесерін өткізген шығармашылық жазушылық кездесулер үшін беделді және қуатты алаңға айналды.

2022 жыл сырт қалмайды. Биылғы Kitap Fest kids фестивалі Қазақстандағы балалар жылына арналған, сондықтан келушілерді ауқымды балалар бағдарламасы, балалар жазушылары Лилия Клаус, Гүлнара Жандыбаева, Гүлжан Сәрсенова, Әсел Сапақовамен кездесу, «Таңыс болайық! Батыр», «Бөлісу деген- бақыт», «Бату мен оның достарының шытырман оқиғалары» кітаптарының тұсаукесері өтеді.

Kitap Fest Kids бағдарламасы:

  • Кітап алмасу, сөрелерді әртүрлі жанрдағы қызықты кітаптармен толықтырудың бірегей мүмкіндігі.
  • Жазушылар шатыры, отандық жазушылар өз кітаптарын таныстырып, пікір алмасады.
  • «Офлайн кітаптар туралы» шатыры, танымал балалар жазушылары, блогерлер және табысты әйелдер қауымы өз тәжірибелерімен бөліседі.
  • Кітап жәрмеңкесі, кітап дүкендері, баспагерлер және интернет-дүкендері өз өнімдерін көрмеде ұсынады, Фестиваль барысында қалаған әдебиетті 20% - ға дейін жеңілдікпен сатып алу.
  • Балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы, аниматорлар, театр қойылымдары, шеберлік сыныптары, аквагрим мен түрлі қызықты байқаулар келген қонақтарға тамаша көңіл-күй сыйламақ.

Сондай-ақ, фестивальде алғаш рет «Ауылға кітап» акциясы өтеді, онда кез-келген оқырман өз кітабын  Қазақстанның ауылдық кітапханаларына өткізе алады.

Анықтама: BAURZHAN Foundation әлеуметтік жобаларды жүзеге асырумен айналысады. Қазіргі KITAP FEST KIDS фестивалінің мақсаты-балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқырман мәдениетін дамыту, жазушылар мен олардың оқырмандары үшін бірыңғай алаң құру