Алматыда кісі өлімінен кейін бір көше жойылды

Алматыда кісі өлімінен кейін бір көше жойылды
Сурет: Tengrinews.kz

Барлық мәселе уәкілетті органдармен бірлесіп шешіледі

Алматыдағы рұқсат етілмеген митинг қайғылы жағдаймен аяқталғаннан кейін Короленко көшесі толық жойылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Ренат Сейдрамановтың айтуынша, тұрғындардың өтініші бойынша Короленко көшесінің төрт жерінде жылдамдықты шектейтін кедергілер төселіп, Гагарин және Радостовца көшелеріне екі шлагбаум орнатылды.

«Сонымен қатар, Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен Короленко көшесі жойылды, бұл көше қазір жоқ. Бұл аумақ қазір тұрғын үй аймағына айналды. Енді көше статусы жоқ», – дейді аудан басшысының орынбасары.

Спикер қазір ауданда жаппай құрылыс жүріп жатқанын, тұрғындарға байланысты барлық мәселелер уәкілетті органдармен бірлесіп шешілетінін айтты.

«Бұл жағдайды толық бақылауда ұстаймыз. Енді қайғылы жағдай қайталанбау үшін жұмыс істеп жатырмыз», – дейді Ренат Сейдраманов.

Еске салайық, маусымның 11-і күні Короленко көшесіндегі үйлердің бірінің тұрғындары рұқсат етілмеген акцияға шығып, жаңа тұрғын үй кешенінің құрылысы мен көлік санының көбеюіне байланысты Гагарин көшесінің бойындағы жолды жауып тастаған болатын.

Рұқсат етілмеген акцияға қатысушылардың бірі – 1980 жылы туған М. есімді азамат. Жанжал кезінде қозғалысы бөгелген көліктердің бірінің жүргізушісі 1974 жылы туған К. есімді азаматты жарақаттаған. Жәбірленуші қайтыс болды.