Алматыда қылмыстық ахуал тұрақты

Алматыда қылмыстық ахуал тұрақты
Сурет: Polisia.kz

2022 жылдың қорытындысы бойынша, қаладағы қылмыс саны азайған.

Қылмыстық құқықбұзушылықтардың жалпы ашылуы жақсарды. Мас күйінде жасалған заңсыз әрекеттер саны 17,3%-ға, қоғамдық орындарда 4,1%-ға, сондай-ақ шешілмеген және өтелмеген істі болған адамдардың жасаған заңсыз әрекеттерінің саны азайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Жалпы, департаменттің жеке құрамы шаһарда тиісті қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, қаладағы қылмысты азайту үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр. Нәтижесінде тонаумен айналысқан 17 топтың, 65 қарақшылық шабуылдың, 13 көлігін ұрлағандардың, 33 пәтер ұрлығымен айналысқандардың, 20 автокөліктердің ішінен ұрлағандардың, 159-ы қоғамдық орындарда жеке мүлікті ұрлағандардың қылмыстық жолы кесілді», – деді, Алматы қалалық полиция Департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры А. Заппаров.

Зорлау саны 3,4%-ға, пәтерлердегі ұрлық 6,5%-ға, қалта ұрлығы 2,6 есе, көліктің салонынан ұрлық 2,3 есе, ал интернеттегі алаяқтық 28,4%-ға азайды.