Алматыда халықаралық джаз фестивалі өтеді

Алматыда халықаралық джаз фестивалі өтеді
Сурет: Goodrepublic.ru

Әсерлі джаз концерті болады.

21-24 сәуірде Алматыда «Алматыдағы джаз мерекесі» атты XX мерейтойлық, жыл сайынғы халықаралық джаз фестивалі өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshmy.kz.

Фестиваль Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен және Тагир Зарипов джаз мектебінің ұйымдастыруымен өтеді.

«Аталмыш шараға Израиль, Франция, Венгрия және Қазақстан музыканттары қатысады»,- делінген Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.