Алматыда Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істей бастады

Алматыда Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істей бастады
24 kz

2022 жылдың 11 қаңтарынан бастап Алматы қаласында халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы жанданды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

«Алматыдағы барлық 9 халыққа қызмет көрсету орталықтары бүгінен бастап қызмет көрсете бастады. Клиенттерге төлқұжат пен жеке куәлік рәсімдеу, көші-қон қызметтерінен өзге барлық мемлекеттік қызметтер қолжетімді. ХҚО-лардың жұмыс кестесі дүйсенбі-жұма аралығында таңғы сағат 9.00-ден кешкі сағат 18.00-ге дейін үзіліссіз»,- деді «Азаматтарға арналған үкімет» МК баспасөз қызметінің Алматы қаласы бойынша өкілі Жаңыл Әпетова.