Алматыда кезекті заңсыз салынған тұрғын үй кешені сүріледі

Алматыда кезекті заңсыз салынған тұрғын үй кешені сүріледі
Сурет: Almaty-akshamy

Сот Наурызбай ауданындағы «Qadam» тұрғын үй кешенін сүруге шешім шығарды.

Бұған дейін Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы нысанды тексеріп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады. Төрт қабатты көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы рұқсат құжаттарынсыз басталған. Тексеру нәтижелері бойынша «Qadam ТК» ЖШС-не қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, кейіннен заңсыз салынып жатқан нысанды бұзу туралы талап арыз жазылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Нәтижесінде сот шешімімен заңсыз салынған нысанды бұзу туралы талап қанағаттандырылды. Қазір шешімнің заңды күшіне енуі күтілуде.

Жылжымайтын мүлікті сатып алудан бұрын тұрғындар салынып жатқан үй туралы ақпаратты тексеріп, мына жедел желі арқылы құжаттар пакетінің түгелдігін анықтай алады: +7 (727) 229-81-36.