Алматыда кейбір маршруттардың қозғалыс схемалары өзгертіледі 

Алматыда кейбір маршруттардың қозғалыс схемалары өзгертіледі 
Сурет: Egemen.kz

Қоғамдық көлік қозғалысы айналма жол арқылы жүзеге асады

"Саин-Мөңке би көшелері қиылысындағы жолайрық" нысанындағы құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуіне байланысты, келесі бағдарлардың сұлбасы 1 қазаннан бастап уақытша өзгертілді:
 
№122 және №57 маршруттар – екі бағыт бойынша құрылыс аймағын арнайы ауыспа жол арқылы қиылыстың солтүстік-батыс жағынан айналып өтеді. Бұл ретте Мөңке би/Саинда аялдама болмайды. Ары қарай сұлба бойынша.

 
№109 және №124 - Мөңке би мен Ақын Сара көш. арасындағы арнайы жайластырылған айналма жол арқылы айналып өтетін болады. Ары қарай сұлба бойынша.