Алматыда керлингтен қысқы IV Жастар ойындары басталды

Алматыда керлингтен қысқы IV Жастар ойындары басталды
сурет: Аlmaty-akshamy.kz

12 ақпанға дейін өтетін жарыста 6 жастан 28 жасқа дейінгі спортшылар бақ сынайды.

Алматыда IV керлингтен қысқы Жастар спорт ойындары өтіп жатыр. Бұған еліміздің түкпір-түкпірінен спортшылар жиналды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Қазақстан Республикасының ІV Қысқы керлинтен жарысы дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Спорттық іс-шараға Қазақстанның 10 өңірінен сайыскерлер жиналды. 12 ақпанға дейін өтетін жарыста 6 жастан 28 жасқа дейінгі спортшылар бақ сынайды. Ең үздік шыққандар керлингтің ұлттық құрама сапына іріктеледі. 2024 жылы Оңтүстік Кореяда өтетін додада бақ сынайтын болады.

Жарыстың өтуіне Қазақстан керлинг федерациясы тікелей мұрындық болуда.

«Елде ең кенже дамыған қысқы спорт – керлинг. Бұйырса, бұның бойына да қан жүргізгім келеді. Жас спортшылардың қызығушылығы артып, жанкүйерлері де көбейіп жатыр. Бұндай ынта болса, алға басу мен даму болады», – деді бас жаттықтырушы Виктор Ким.

Республикалық спорт дамыту дирекциясының сараптамалық-талдау бөлімінің қызметкері Қылышбаев Абылайхан спорттық іс-шараның ұйымдастырылуы, жасөспірімдер спортының даму бағыттары бойынша ой қозғады.

«Біз осы керлинг сайысының өтуіне жауапты мамандар болып саналамыз. Биылғы 1 -12 ақпан аралығында керлингтен жарыс өтуде. Бұл сайысқа елдің 10 облысынан 200-ге жуық спортшы қатысуда. Бір сөзбен түйгенде, өткен жылдармен салыстырғанда, қызығушылық артып келеді», – деді ол.