Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы өтеді

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы өтеді
Сурет: Ашық дереккөз

Қатысуға 100-ге жуық алматылық компания өтінім берді

29, 30, 31 шілдеде Алматы қаласы бойынша «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Қатысуға 100-ге жуық алматылық компания өтінім берді.
Өңірлік көрме-байқау үш номинация бойынша өтеді:

•  «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»;
•  «Халыққа арналған үздік тауарлар»;
•  «Үздік азық-түлік тауарлары».

Әр номинацияда үш жеңімпаз анықталады. Шара Алматы қаласының басшылығының қатысуымен өтеді.
Өңірлік іріктеу жеңімпаздары Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін республикалық байқауға қатысады.
Көрме-байқаудың қонақтарын концерттік бағдарлама мен бағалы сыйлықтардың ұтыс ойыны күтеді.