Алматыда қаза тапқан полицейлерге мемориалды ескерткіш қойылды

Алматыда қаза тапқан полицейлерге мемориалды ескерткіш қойылды
Cурет: Qazaqstan.tv

Алматыда қоғам қауіпсіздігі үшін күресте қаза тапқан полиция қызметкерлерінің құрметіне мемориалды ескерткіш ашылды.

Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясында ашылған ескерткіш тақтаға 32 тәртіп сақшысының аты-жөні жазылған. Шараға ерлікпен қаза болған азаматтардың ата-аналары мен жақын-туыстары қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

- Бейбіт заманда көз жұмған, қоғамдық қауіпсіздік үшін жандарын қиған батырларымыздың ерлігі еш ұмытылмайды, - дейді ардагерлер.

"Бүгін бір жай кезең емес, керемет күнде тұрмыз. Балапандарымызға мемориалды тақтаны қойдық. Тас қойғанмен бірдей деп ойлаймын. Екінші құлпытас ғой олар үшін. Естен кетпейді", - дейді ҚР ІІМ Еңбек сіңірген қызметкері, генерал-майор Талап Қабденұлы.