Алматыда «Қайырымдылық дүкені» ашылды

Алматыда «Қайырымдылық дүкені» ашылды
Сурет: ҚМДБ

Дүкеннің алғашқы тұтынушылары ретінде мұқтаж отбасылар шақырылды.

«Зекет және қайырымдылық» қорының Алматыдағы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Қайырымдылық дүкені» ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты шарада Алматы Орталық мешітінің бас имамы Төлеби Дәділұлы құттықтау сөз сөйлеп, ашылу рәсіме қатысты. Шашу шашылып, балалар қуанышқа кенелді. Дүкеннің алғашқы тұтынушылары ретінде мұқтаж отбасылар шақырылды. Балаларға ойыншықтар, тұрмыстық заттар, киімдер, кеңсе тауарларын алып, қуанышқа кенелген көп балалы аналар ұйымдастырушы қайырымды жандарға алғысын айтты. Дүкеннің ары қарай көмекке зәру жандар игілігіне қызмет етуіне тілеулестік білдірді.

«Құрметті ағайын! Сіз де «ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ДҮКЕНІНЕ» қолдау көрсетіп, өз үлесіңізді қоса аласыз. Жақсылық жасап жарысайық!» - дейді ұйымдастырушылар.