Алматыда қай күндері көлік тұрағы тегін болады

Алматыда қай күндері көлік тұрағы тегін болады
Cурет: Tengrinews.kz

Алматыда 21, 22 наурызда тротуарлардың жанындағы көлік тұрақтары тегін болады, деп хабарлайды, Almaty-akshamy.kz A-Parking баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Наурыз мерекесіне орай 21 және 22 наурызда қаладағы барлық тротуарлық көлік тұрағы тегін болады. Алаңдық тұрақтар бұрынғы режимде жұмыс істейді. Баршаңызды келе жатқан мерекемен құттықтаймыз, бейбітшілік пен өркендеу тілейміз», - делінген ақпаратта.