Алматыда қаржы пирамидасынан зардап шеккендерге 123 миллион теңге қайтарылды

Алматыда қаржы пирамидасынан зардап шеккендерге 123 миллион теңге қайтарылды Сурет: Sputnik.kz

Қаржы пирамидасын ұйымдастырушы 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.


Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, B2B Jewelry қаржылық пирамидасының 197 салымшысына 123 миллион теңге қайтарылды, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Агенттіктің Алматы қаласы бойынша департаменті B2B Jewelry зергерлік дүкендер желісінің атын жамылған қаржы пирамидасының қызметін ұйымдастыруға қатысты соталды тергеуін аяқтаған.


Сот үкімі бойынша, қаржы пирамидасын ұйымдастырушы кінәлі деп танылып, ол 5 жыл мерзімге қаржылық қызметпен айналысу құқығынан айырумен 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.


Ведомство мәліметінше, қылмыстың қалған сыбайластарына қатысты соталды іс жүргізу аяқталуға жақын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38

14:28

14:01

13:17

13:14