Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар 5-7 жылға сотталды

Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар 5-7 жылға сотталды
Сурет: 24.kz

Пирамидалық схеманың тағы бес ұйымдастырушысына халықаралық іздеу жарияланды. 

Алматыда «World Business Consulting» қаржылық пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.   

Бұл қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар азаматтарға еншілес компаниялардың инвестициялық жобаларына қаражат салуды ұсынған. Бұл компаниялар сыйақыны алуға кепілдік берген. 

2018-2021 жылдары WBC қаржылық пирамидасына жалпы сомасы 5,8 млрд теңге тартылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жалпы сомасы 4,1 млрд теңгенің мүлкі тәркіленді. 

Сот үкімімен қаржы пирамидасының жетекшілері кінәлі деп танылып, 5 жылдан 6,8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. 

Сонымен қатар, пирамидалық схеманың тағы бес ұйымдастырушысына халықаралық іздеу жарияланды.