Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар 4 мыңнан астам адамды сан соқтырған

Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар 4 мыңнан астам адамды сан соқтырған
Сурет: Egemen.kz

Алаяқтықтың дені қаржылық пирамидаларымен байланысты.

Бұл туралы Алматы полициясының басшысы  Арыстанғани Заппаров мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Бір қаржы ұйымына қатысты қылмыстық істі тергеу аясында бірнеше жәбірленушінің арызы негізінде тіркелген істердің көп бөлігі бір өндіріске біріктіріледі. Мысалы, Mudarabah Capital-ға қатысты қылмыстық істің 179 эпизоды,«Оскар Медикал» бойынша 298 эпизод және «Qi Trade» бойынша 4 мыңнан астам жәбірленуші бір өндіріске біріктірілді. Бұл ретте танымал тұтынушы интернет-платформаларының өкілдерімен жұмыс кездесулері, сондай-ақ БАҚ-та және әлеуметтік желілерде интернет-алаяқтықпен күресу туралы ақпараты бар мақалалар, бейнероликтер тұрақты жариялануының арқасында интернеттегі алаяқтықтардың санын азайтуға мүмкіндік туды», – деді Арыстанғани Заппаров.

«Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы заңсыз сайттарды анықтау үшін интернет кеңістігіне мониторинг жүргізу барысында елде 800-ден астам ресурс бұғатталған немесе шектелген. ПД-ның арнайы тергеу-жедел тобы IT-технологиялар саласындағы қылмыстарды ашу бойынша жұмысын жалғастырып жатыр.