Алматыда қару-жарақ пен оқ-дәрі сақталған тағы бір орын табылды

Алматыда қару-жарақ пен оқ-дәрі сақталған тағы бір орын табылды

Оқ-дәрі салынған пакеттер жердегі кәрізге жасырылған.

Алматыда қару-жарақ пен оқ-дәрі сақталған тағы бір орын табылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ұсталған күдіктілер кінәсін мойындап, қару-жарақ жасырған жерді көрсетті.

Бұл жолы жасырын орын Ұлттық парк аумағында, орман белдеуінде орналасқан.

«Тапаншалар, патрондар, полиция киімдері салынған пакеттер жердегі кәрізге жасырылған. Үш тапанша, бір жауынгерлік және 15 граната, Макаров тапаншасынан 100-ден астам патрон, 107 Калашников автоматы, 16 аңшылық мылтық, екі оқ өтпейтін жилет, противогаз, радиостанция, полиция формасы, камуфляждық рюкзак, сонымен қатар, 2,4 АҚШ доллары көлеміндегі қолма-қол ақша табылды. Қару-жарақ жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған болуы мүмкін», – деді Алматы қаласы бойынша ҚАЖД СИ-18 жедел жұмыс жөніндегі бастықтың орынбасары Азамат Аманжолов.

Аталған дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасында ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.