Алматыда қару-жарақ дүкенін тонауға қатысы бар "үштік" ұсталды

Алматыда қару-жарақ дүкенін тонауға қатысы бар "үштік" ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Алматыда қару-жарақ дүкендерін тонауға қатысушыларды ұстау бойынша екі арнайы іс-шара жүргізілді

Үш күдікті қамауға алынды. Ұрланған қарудың бір бөлігі “Достық” шағынауданындағы үйлердің бірінде, ал екіншісі Алматы облысы, Қарасай ауданы аумағындағы Жамбыл елді мекеніндегі үйлердің бірінен табылды және тәркіленді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сітлеме жасап. 

«Екі күдіктінің бірі 25 жаста, екіншісі 27-де. 5 қаңтарға қараған түні олар “Камерад” аңшылық дүкенін тонап кеткен. Қаскөйлер ұрланған заттарды үйдің жертөлесіне тығып, үстін құммен бастырып кеткен. Әртүрлі маркадағы төрт тегіс ұңғылы мылтық, автомат, 720 патрон, бес аңшылық пышақ, арбалет, оптикалық көздеуіш және оқ-дәрі тәркіленді және қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Күдіктілер кінәсін мойындап, дүкенге қалай кіргендерін айтып берді», – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Тергеушілер “үштіктің” осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауда. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 291-бабы 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды ұрлау) бойынша тергеліп жатыр. Бұл баптың санкциясында 5 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.