Алматыда қару-жарақ арсеналы табылды

Алматыда қару-жарақ арсеналы табылды
сурет: obzor174.ru

Тергеу амалдары мен жедел іс-шаралар  жүргізілуде

Алматыда қару-жарақ арсеналы сақталған тағы бір орын табылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Алматы қаласының криминалдық полиция қызметкерлері ҚР ҰҚК Алматы департаментінің көмегімен Медеу ауданындағы бағбандық серіктестіктердің бірінің аумағынан қару жасырылған орынды тапты. 

«Ол жерде қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде Алмалы ауданындағы қару-жарақ дүкенінен ұрланған Сайга-410К тегіс ұңғылы карабин, ПМ травматикалық тапаншасы, 2 ИЖ тегіс ұңғылы мылтығы, Макаров жүйесі тапаншасының патрондары, 9 мм калибрлі, 12 калибрлі патрондар, сондай-ақ 7,62 калибрлі патрондар жасырылған. Тәркіленген қару сараптамаға жіберілді», - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінен. 

Аталған дерек Медеу аудандық полиция басқармасында ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді.

«Арсеналдың қайдан шыққаны тергеу амалдары мен жедел іс-шаралар жүргізілгеннен кейін белгілі болады», - деп атап өтті ведомстводан.