Алматыда қару дүкенін тонаған 32 жастағы азамат сотталды

Алматыда қару дүкенін тонаған 32 жастағы азамат сотталды
Сурет: Iohotnik.ru

Күдіктінің қаруды жасырған орны табылды.

Алматы полицейлері Алмалы және Алатау ауданында аңшы дүкенін тонауға қатысқан екі азаматты ұстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 1990 жылы туған Н. есімді азамат қаңтар оқиғасы кезінде аңшылық дүкеннен қару ұрлағаны үшін сотталды.

«Ол ұрлаған қару-жарақ қоймасының орны қала шетіндегі үйіндіден анықталды. Нәтижесінде 22 калибрлі «SAVAGE» бұрандалы карабині мен 12 калибрлі «ATA ARMS» тегіс ұңғылы мылтығы тәркіленді. Қылмыстың сыбайластарымен қатар басқа да қару-жарақ жасырылған орындар болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз», - Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Қаланың Алатау ауданында ұсталған екінші күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Күдіктінің қаруды жасырған орны табылды. Қару сараптамаға жіберілді. Қазір ол ұсталып, қамауға алынды", - деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Құмарбек Кеншінбаев.