Алматыда каратэден халықаралық турнир өтті

Алматыда каратэден халықаралық турнир өтті
Сурет: Inbusiness.kz

Қатысушылардың ең кішісінің жасы 5-те.

Бұл жарыс "Халық" қайырымдылық қорының қолдауымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Жарысқа еліміздің барлық өңірінен жас спортшылар қатысты.

Қазақ спорт және туризм академиясының татамиіне 500-ден аса каратэші шықты. Оның ішінде ең жасы 5-те болса, жасы үлкені -17-де.

Жарысқа Қазақстаннан бөлек, Украина, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Түркіменстан мен Моңғолиядан атлеттер келді. Жанкүйерлер мен қонақтар жекпе-жек өнерінің ерекшелігін тағы бір мәрте тамашалады.