Алматыда карантин талаптарының жеңілдегені туралы айтылды

Алматыда карантин талаптарының жеңілдегені туралы айтылды
almaty-akshamy.kz

Алматыда 27 қаңтардан бастап «Ashyq» жобасына қатысатын нысандар үшін жұмыс және демалыс күндеріндегі уақыт бойынша жұмыс режимі белгіленбейді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Спикердің айтуынша, «Ashyq» жобасы аясында 17-26 қаңтарда «қызыл» және 25 «сары» мәртебесі бар 1255 тұлға анықталды, оның ішінде жобаның ерікті қатысушыларының объектілерінде 286 тұрғынның «қызыл» мәртебесі, 5 тұрғынның «сары» мәртебесі бар.

Шектеу шараларын жеңілдету мақсатында ағымдағы жылдың 27 қаңтарындағы №3 Алматы қалалық БМСДҚ қол қойылды, оған келесі өзгерістер енгізілді:

- «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін жұмыс және демалыс күндері уақыт бойынша жұмыс режимі белгіленбейді;

– «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес өңірлердегі келушілерде бейтарап («көк») немесе қауіпсіз («жасыл») мәртебесі болған жағдайда: «жасыл» аймақта – қызметі шектеусіз; «сары» және «қызыл» аймақтарда – объектілердің толымдылығы бойынша шектеулері бар.

Бұдан басқа, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес эпидемиологиялық тәуекел аймағына қарамастан қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіз («жасыл») мәртебесі болған жағдайда – шектеусіз қызмет.

Әсел Қалықова білім беру мекемелеріне білім берудің келесі форматына рұқсат етілгенін атап өтті: ата-аналардың өтініші бойынша штаттық форматта; жалпы білім беретін мектептердің жұмысы: 1-4 сыныптар – штаттық форматта; 660 балаға дейінгі мектептер – штаттық форматта; 600-ден астам бала мектептер – 50% қуаттылықта штаттық форматта.

Қаланың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары КВИ науқастарымен байланыста болғандарға қатысты шектеулер мен рұқсаттар туралы айтты.

«Егер екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспаған болса, ревакцинацияны немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттық растау болған кезде үй карантиніне оқшауланбайды. 7-ші күні ПТР әдісімен COVID-19-ға тексеру жүргізіледі. ПТР-зерттеудің теріс нәтижесімен үй карантині аяқталады. Егер 7-ші күні COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізілмесе, үй карантині оқшауланған сәттен бастап 10 тәулік өткенге дейін жалғасады», - деді Әсел Қалықова.