Алматыда "Қара шаңырақ - 2022" театр фестивалі өтеді

Алматыда "Қара шаңырақ - 2022" театр фестивалі өтеді
Сурет: Ticketon.kz

Жеңімпаздар 13 желтоқсан марапатталады.

6-11 желтоқсан күндері Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры "Қара шаңырақ - 2022" жаңа қойылымдар фестивалін өткізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz .

"Фестивальдің мақсаты – жаңа қойылымдардың шығармашылық сапасын, оның ішінде актерлердің табысты жұмысын анықтау. Шығармашылық құрамға  жаңа серпін беріп, көрермен мен театр арасындағы байланысты нығайту", - делінген театрдың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Фестиваль барысында қазылар алқасы номинациялар бойынша үздіктерді анықтап, жеңімпаздар 13 желтоқсан марапатталады.

Шараның ашылу салтанатында кітаптардың тұсаукесері, "Ә.Мәмбетовтің туғанына – 90 жыл" атты көрме "Қан мен тер. Ақбала"  трагедиясының көрсетілімі өтеді.

Фестиваль барысында Қ.Бегмановтың "Менің Мұстафам!.." моноспектаклі, Д.Исабековтің "Мақшар түнгі махаббат" мистикалық драмасы, Р.Отарбаевтың "Қытайдан жеткен сәлемдеме" драмасы, М.Әуезовтің "Қарагөз" трагедиясы және өзге де қойылымдар көрермен назарына ұсынылады.