Алматыда қар көшкіні астында қалған бір адам аман-есен табылды

Алматыда қар көшкіні астында қалған бір адам аман-есен табылды
twitter.com

Құтқарушылар қардың астында қалған адамдардың біреуін шығарып алды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

«Құтқарылған адамның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Алдын ала ақпарат бойынша, оның иығы шығып кеткен. Екінші адамды іздеу жұмыстары жалғасуда. Оған 31 маман, 8 техника, 2 кинологиялық есеп, 1 тікұшақ, 1 дрон жұмылдырылды»,- делінген қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.