Алматыда бүгін қар аралас жаңбыр жауады

Алматыда бүгін қар аралас жаңбыр жауады
atr.kz

"Қазгидромет" 15 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын, республиканың солтүстік жартысында негізінен қар түрінде жаяу бұрқасын мен оңтүстік жартысында негізінен жаңбыр түріндегі жауын-шашын болжанады.

Оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын жауады. ҚР бойынша желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, республиканың оңтүстігінде найзағай күтіледі.

Ақмола облысының батысы мен шығысында жаяу бұрқасынмен жел күшейеді, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі.

Алматы облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман күтіледі, түнде облыстың шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман, найзағай күтіледі, облыстың таулы аудандарында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі, облыстың таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын күтіледі, Ақтөбе облысының солтүстік-батысында жел 18 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Атырау облысының шығысында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.

Қостанай облысының оңтүстік-батысында, түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, түнде және таңертең Павлодар облысының оңтүстігінде, Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі.