Алматыда қаңтар оқиғасынан зардап шеккен 2 мыңға жуық кәсіпкер өтемақыға өтінім берді

Алматыда қаңтар оқиғасынан зардап шеккен 2 мыңға жуық кәсіпкер өтемақыға өтінім берді
Сурет: 24.kz

Алматыда тағы 102 кәсіпкер залал өтемақысын алды

Бұл туралы Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Алматыда бизнес субъектілеріне мүліктік зиянды анықтау жөніндегі өңірлік комиссиясы жалпы сомасы 188,6 млн теңгеге кәсіпкерлердің 102 өтінімін мақұлдады. Оның ішінде 55,2 млн теңге сомасына берілген 32 өтінім бюджет қаражаты есебінен, қалған 133,4 млн теңгенің 70 өтінімі «Жаңа Алатау» қайырымдылық қорының қаражатынан қаржыландырылды.

Айта кетейік, комиссия жұмысының барлық кезеңінде бүгінгі таңда 644,9 млн теңге сомасына берілген 362 өтінім мақұлданды, оның ішінде 212,4 млн теңгеге берілген 140 өтінім бюджет қаражатынан, 432,5 млн теңгеге берілген 222 өтінім қор қаражатынан қаржыландыруға ие болды.

«Зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілерінен өтінімдер түсу жалғасуда, Info Kazakhstan сайтына Алматы қаласы кәсіпкерлерінен барлығы 2 мыңға жуық өтінім келіп түсті»,- деп мәлімдеді басқармада.