Алматыда қаңтар қасіретіне арналған көрме ұйымдастырылды

Алматыда қаңтар қасіретіне арналған көрме ұйымдастырылды
Сурет: Almaty.tv

Іс-шарада 35-тен астам қылқалам шеберінің таңдаулы туындылары ел назарына ұсынылды.

Алматылық суретшілер дүрбелеңді мың бояумен суреттеп жеткізген, деп хабарлайды  Almaty-akshamy.kz "Алматы" арнасына сілтеме жасап.

Алматыда «Менің Қазақстаным – менің отбасым» атты қаңтар қасіретіне арналған көрме ұйымдастырылды. Іс-шарада 35-тен астам қылқалам шеберінің таңдаулы туындалары ел назарына ұсынылды. Алматылық суретшілер дүрбелеңді мың бояумен суреттеп жеткізген.

Еске салсақ, сол кезде тәртіпсіздікке бой алдырғандар мемлекеттік орталық музейге басып кірген еді. Бүгінде мәдениет орталығы қалпына келтіріліп, жұмыс істеп жатыр.